×
478.9
459.98
8.24
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.9
459.98
8.24

Сауда министрлігі Еуропаға жүк жеткізуде проблема туындағанын растады

02.03.2022, 18:47
Фото: Ашық дереккөзден

ҚР Сауда және интеграция министрлігі Ресей Федерациясына қарсы санкциялар пакетінің енгізілуіне байланысты қазақстандық тауарларды Еуропа елдеріне жеткзіуде проблемалар туындағанын растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Ресей Федерациясына қарсы санкциялар пакетінің енгізілуіне және тауардың шығарылған елін айқындаудың жаңа тетіктерінің болмауына байланысты Ресей Федерациясының аумағы арқылы ЕО елдерінің нарықтарына транзитпен өтетін қазақстандық жүктердің бірқатар теңіз порттарында кідіріс фактілері байқалады. Бұл ретте, Ресей Федерациясының аумағы арқылы ЕО елдерінің нарықтарына автомобиль көлігімен өтетін қазақстандық тауарлар кідіріссіз өтеді», - деп хабарлады Сауда министрлігінен.

Қазіргі уақытта ҚР сауда және интеграция министрлігі қазақстандық тауарларды межелі елдерге үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету үшін консультациялар өткізіп жатыр.