АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы операцияның аяқталғанын мәлімдеді. Бұл туралы ulysmedia.kz Fox News арнасына сілтеме жасап хабарлады.
Журналист Мария Бартиромо, Трамптан сұхбат алған. Президент әңгіме барысында «бәрі аяқталды» деген. Алайда ол қосымша мәлімет бермеген.
Бұған дейін тараптар 8 сәуірде екі аптаға жарияланған бітімді ұзарту мүмкіндігін талқылаған. АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер Исламабад қаласында өткен, бірақ нақты мәмілеге келе алмаған.
Осыдан кейін америкалық тарап Иран порттарына теңіз блокадасын бастайтынын жариялап, бұл шиеленістің жаңа кезеңіне жол ашты.