×
476.97
562.59
6.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
476.97
562.59
6.27

Қазақстан Кореяға қанша мұнай жіберетіні белгілі болды

Бүгін, 17:01
Қазақстан Кореяға қанша мұнай жіберетіні белгілі болды
Фото: Gov.kz

Қазақстанның Оңтүстік Кореяға жеткізетін мұнайының көлемі Сауд Арабиясымен салыстырғанда әлдеқайда аз, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КОРЕЯНЫ КІМ ҚҰТҚАРАДЫ?

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Корея Қазақстан, Сауд Арабиясы және Таяу Шығыс елдерінен жалпы көлемі 273 млн баррель мұнай жеткізуге келісім жасаған. Жеткізу 2026 жылдың соңына дейін жүзеге асады. Сонымен қатар Сеул 2,1 млн тонна нафта сатып алады. Дегенмен, қазақстандық шикізаттың үлесі салыстырмалы түрде аз.

Мұнай сатып алу көлемдерін Оңтүстік Корея президенті әкімшілігінің басшысы Кан Хун-Сик Астанаға жасаған дипломатиялық сапары қорытындысы бойынша жариялады. Ол жаңа жеткізілімдер жабық Ормуз бұғазын айналып өтетін баламалы бағыттар арқылы жүзеге асатынын атап өтті. Бұғаз арқылы Оңтүстік Корея мұнай импортының шамамен 61%-ын және нафтанің 54%-ын алып келген.

ЭР-РИЯД ӨЗ БАСЫМДЫҒЫН САҚТАП ҚАЛДЫ

Қазақстан Оңтүстік Кореямен 18 млн баррель мұнай жеткізуге келісім жасады (жалпы көлемнің 6,5%-ы). Салыстыру үшін, Сауд Арабиясы Кореяға 50 млн баррель мұнай жібереді, ал жылдың екінші жартысында тағы 200 млн баррельмен қамтамасыз етеді. Оман 5 млн баррель мұнай және 1,6 млн тонна нафта жеткізеді.

Ендеше Корея толықтай қазақстандық мұнайға көшеді деуге әлі ерте. Сеулге бұрыннан мұнай тасымалдаған Таяу Шығыс елдері өз жетекші позицияларын сақтап қалуға тырысуда.

Біз бұған дейін Қазақстанның Кореядағы елшісі ауысқанын жазғанбыз.

Серіктес жаңалықтары