Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды. Алдымен елдің кей аймақтарында аяз және қар жаууы болжанып отыр, кейін ауа температурасы біртіндеп көтеріледі. Кей өңірлерде ауа температурасы жазғы кезеңге тән +28°С-қа дейін жетеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТЕМПЕРАТУРА БІРТІНДЕП ЖОҒАРЫЛАЙДЫ
Қазгидрометтің болжамы бойынша, Скандинавия антициклонының жотасы еліміздің солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында жауын-шашынсыз, бірақ салыстырмалы түрде салқын ауа райын сақтайды. Ауа массаларының өзгеруіне байланысты температура біртіндеп жоғарылайды.
Елдің батысы мен оңтүстігінде ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Оңтүстік өңірлердің таулы аймақтарында жаңбыр мен қар жаууы ықтимал, сонымен қатар жел күшейеді. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсуі мүмкін.
ҚАЙ ӨҢІРДЕ ҚАНША ТЕМПЕРАТУРА БОЛАДЫ?
Күндізгі ауа температурасы өңірлер бойынша мынадай болады:
– Батыс, солтүстік және орталық аймақтарда – +15…+23°С,
– Шығыс өңірінде – +10…+18°С,
– Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында – +17…+28°С.
Еске салсақ, бұған дейін күн әлі жылымайтынын, бірнеше облыста дауыл тұратынын жазған болатынбыз.