×
469.52
553.75
6.15
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
469.52
553.75
6.15

Абай облысы тауларында шипажайға ем алуға келген шетелдіктің мәйіті табылды

Абай облысы тауларында шипажайға ем алуға келген шетелдіктің мәйіті табылды
Фото: видеодан скриншот

Абай облысының тауларынан жоғалып кеткен туристің денесі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

КТК телеарнасының мәліметіне сәйкес, 33 жастағы шетелдік жартастан құлап, сол жерде қаза болған. 

Міне, ол жартастан құлап кеткен. Қайтыс болған. Осы жерде екі-үш күн жатқан, – делінген хабарламада.

Қайғылы оқиға Мақаншы ауданындағы Барлықарасан ауылы маңында болған. Өзбекстан азаматы бес күн бұрын тауға шығып, қайта оралмаған. Алғашында оны танысы іздеген. Алайда үш күннен кейін ғана полицияға хабар берілген.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕДІ?

Іздеу жұмыстарына 90-нан астам адам, полицейлер, шекарашылар, құтқарушылар және табиғатты қорғау инспекторлары жұмылдырылды. Нәтижесінде ер адамның мәйіті табылды. Оның демалыс және шипажайдан ем алу үшін келгені белгілі болды.

Абай облыстық Полиция департаменті Мақаншы аудандық полиция бөлімінің бастығы Әділ Ковнашаров мән-жайды айтты. 

Ер адамның денесі жартастың етегінен табылды. Бұл жазатайым оқиға, – деді Ковнашаров. 

Серіктес жаңалықтары