×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Пияз артқан 2 жүк көлігі Ресей аспақ болған

03.02.2023, 08:51
фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында пияз артқан екі ауыр жүк көлігі шекарадан өтпек болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы өңірдің Мемлекеттік кірістер департаменті мәлім етті.

«Ақтөбе облысындағы «Жайсан» автомобиль өткізу пунктінен (Қазақстан-Ресей шекарасы) Шымкент қаласы мен Түркістан облысынан пияз тасымалдаған 2 ауыр жүк көлігі өтіп кетпек болған. Аталған автокөлік құралдарының жүргізушілеріне пиязды шекарадан шығаруға тыйым салынғаны туралы хабарланды.

Қазіргі уақытта пиязды жөнелтушілерге қайтару немесе оны Қазақстанның басқа облыстарында сату туралы мәселе шешілуде», - деп жазды департаменттен.

Еске сала кетейік, 28 қаңтардан бастап 3 ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан пиязды әкетуге тыйым салынды.

Б9дан б9рын Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев көкөністің бұл түрін экспортқа шығаруға неліктен шектеу қойылғанын түсіндірген.

Серіктес жаңалықтары