×
469.52
553.75
6.15
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
469.52
553.75
6.15

Щучинск дәмханасында болған жарылыс: қаза тапқандар саны 12-ге жетті

Щучинск дәмханасында болған жарылыс: қаза тапқандар саны 12-ге жетті
Фото: freepik.com

Бір жарым ай бұрын Ақмола облысы Щучинск қаласындағы дәмханада жарылыс болып, бірнеше адам қаза тапқан болатын. Бүгін Астанадағы ауруханалардың бірінде «Центр пловада» болған өрттен зардап шеккен тағы бір адамның қайтыс болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ МӘЛІМЕТІ

Науқастың қаза тапқаны туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Бұған дейін ол санитарлық авиациямен жеткізілген болатын.

Ведомствоның нақтылауынша, ер адам есін жимастан жансақтау бөлімінде көз жұмған. Ол өрт кезінде жоғарғы тыныс алу жолдарының ауыр зақымын алып, комада жатқан – дәрігерлер оны аман алып қала алмады.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін дәмханадағы жарылыстан зардап шеккен 11 адамның қаза болғаны айтылған.

26 ақпанда Щучинск қаласындағы «Плов орталығы» (Центр плова) дәмханасында газ жарылып, оның арты өртке ұласқан. Кейіннен кафе иесі қамауға алынғаны туралы хабар тараған. Қылмыстық іс «Екі немесе одан да көп адамның өліміне соқтырған өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы» бабы бойынша теркелген

Щучинскідегі «Центр плова» мекемесіндегі қайғылы оқиға 2026 жылғы 26 ақпанда кешкі уақытта болған. Төтенше жағдайдан кейін бірден жеті адамның қаза тапқаны хабарланған: олардың бесеуі оқиға орнында көз жұмса, тағы екеуі жансақтау бөлімінде қайтыс болған.

Серіктес жаңалықтары