×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Ресейдің Қазақстан медиасын қыспаққа алуы: екі министрден жауап талап етілді

03.02.2023, 10:38
фото: ашық дереккөзден

Баспасөз еркіндігін қорғайтын "Әділ сөз" қоры ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мен сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің атына ашық хат жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Авторлар ел үкіметінен Ресейдің қазақ медиасына жасап жатқан қысымына жауап беруді талап еткен.

Қор сайтында жарияланған хат мәтініне сүйенсек, былтыр кем дегенде тоғыз қазақстандық БАҚ-қа Роскомнадзордан Украинадағы соғысқа байланысты материалды алып тастау жөнінде нұсқау түскен.

Қазір қазақстандық басылымдардың бірі Ресей  талабын орындамағаны үшін сотқа шақырылуда.

"Қазақстан үкіметі БАҚ-тағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асуын қамтамасыз етіп, Қазақстан Конституциясы кепілдік берген сөз бостандығын қорғауы тиіс", - делінген ашық хатта.

Қор "Ресейдің мемлекеттік органдары қазақстандық БАҚ пен журналистерді қандай халықаралық міндеттемелерге сүйеніп шақырып отыр?" деген сұраққа жауап алғысы келеді.

Еске салсақ,  ARBAT Media редакциясына Украинадағы соғыс туралы материалға байланысты Ресей сотына шақырту келген.

Дедакцияны айыптаушы – Ресей армиясының 19-әскери прокуратурасы, 56680 әскери бөлімшесі. Шақырту қағазында «Роскомнадзордың Владимир облыстық басқармасы басылымдағы Украинадағы соғыс туралы шындыққа сәйкес келмейтін және саяси мәндегі қоғамдық маңызды ақпарат жайлы жалған мәлімет барын анықтады» деп жазылған.

Серіктес жаңалықтары