×
469.52
553.75
6.15
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
469.52
553.75
6.15

Ақтаулық асабаның интим видеосын таратқан күдікті ұсталды

Бүгін, 18:17
Ақтаулық асабаның интим видеосын таратқан күдікті ұсталды
Әлеуметтік желідегі бейнежазбадан скрин

Ақтау қаласындағы ерлі-зайыпты жұп жеке видеосының мессенджерлер арқылы тарап кеткенінен кейін полицияға жүгінді. Күдікті ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жайы

Бұған дейін Ақтау қаласында танымал асаба жұбайымен бірге видеоүндеу жасаған еді. Қалай болғаны белгісіз, «өздері үшін» түсірілген интим видео желіге тарап кеткен. Ерлі-зайыптылар бұл іске өздерінің мобилографы қатысы бар деп мәлімдеді.

Шағым түскеннен кейін полиция тергеу бастап, күдіктіні анықтады.

— «Күдікті анықталып, ұсталды. Ол Ақтау қаласының кәмелетке толмаған тұрғыны»., — деп хабарлады департамент өкілдері.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің жеке өмірге қолсұғылмаушылықты бұзу бабы (174-бап) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Контекст

Полицияның мәліметінше, бөтен адамның жеке видеосын рұқсатсыз тарату қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Шоуменнің жұбайы көпшіліктен видеоны өшіріп, әрі қарай таратпауын сұрады. Оның айтуынша, бұл жағдайдан кейін отбасы қатты күйзеліске түскен.

Серіктес жаңалықтары