×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

АҚШ Украинаға аумағының 20%-ын Ресейге беруді ұсынған – БАҚ

03.02.2023, 13:01
фото: ашық дереккөзден

АҚШ Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) директоры Уильям Бернс 2023 жылдың қаңтар айының ортасында Киевке келіп, соғысты аяқтау үшін Украина территорияларының 20%-ын Ресейге беруді ұсынған. Бұл туралы Neue Zürcher Zeitung швейцариялық басылымы Германия билігіндегі дереккөздеріне сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Басылымның жазуынша, АҚШ президенті Джо Байденнің тапсырмасы бойынша Бернс Киевке "жер орнына бейбітшілік", ал Мәскеуге "бейбітшілік үшін жер" ұсынған. Әңгіме Украина аумағының шамамен 20%-ы туралы болған, бұл – шамамен Донецк және Луганск облыстарының аумағындай жер.

Neue Zürcher Zeitung Украина өз аумағын бөліске салудан бас тартқанын жазды.

Алайда Ақ үй және ЦРУ швейцариялық басылымның Уильям Бернстің Ресей Федерациясы мен Украинаға бейбіт жоспар ұсынғаны туралы хабарламасын жоққа шығарды. АҚШ шенеуніктерінің тиісті мәлімдемелерін The Newsweek жариялады.

Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесі өкілінің орынбасары Шон Девитт Neue Zürcher Zeitung хабарламасы "дұрыс емес" екенін мәлімдесе, ЦРУ өкілі оның "мүлдем жалған" екенін айтты.

 

Серіктес жаңалықтары