«Қазгидромет» синоптиктері дүйсенбі - 27 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады. Дүйсенбі күні еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЖАУЫН-ШАШЫН
Синоптиктердің мәліметінше, ертең еліміздің шығысында, түнде солтүстік пен орталықта, ал күндіз батыс пен оңтүстік-шығыста жауын-шашын болады.
Еліміздің басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады.
ДАУЫЛ, БҰРШАҚ
Сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында да нөсер жаңбыр күтіледі. Батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде бұршақ жауып, қатты дауыл тұруы мүмкін.
Еліміздің басқа аумақтарында жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.