×
457.21
534.62
6.08
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
457.21
534.62
6.08

«Алимент те, несие де төлемейді»: немерелерін үйден қуған жазушының басы дауға қалды

Бүгін, 12:40
«Алимент те, несие де төлемейді»: немерелерін үйден қуған жазушының басы дауға қалды
Коллаж Ulysmedia

Желіде өзін жазушы Қуандық Түменбайдың бұрынғы келінімін деп таныстырған келіншек халықтан көмек сұрады. Оның айтуынша, бұрынғы күйеуі мен ата-енесі үш баласымен далада қалдырған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒА НЕГЕ УШЫҚТЫ?

12 жыл жазушының келіні болған Жазираның сөзінше, ол қазір бұрынғы күйеуі Еркебұланның қарызын төлей алмай отыр. Тіпті алимент те алмаған. Бірнеше рет балаларын алып, Қуандық Түменбайдың шаңырағына да барыпты. Бірақ жазушы мен әйелі полиция шақырып, босағадан қуып шыққан. Жазира мән-жайды Threads-қа жазып, жұрттан көмек сұрады. Айтуынша, басқа амалы қалмаған.

–Бұрынғы күйеуім маған айфон алдырып, мобилогрф боламын деді. Артынан түк болмағандай тоқал алып, қыдырып жүр. Қызбен SMM курс оқып жүріп танысыпты. Енді екі ай болды, не несиені төлемейді, не алимент төлемейді. Не үлкен адам сияқты байланысқа шықпайды. Үш балам не жеп, не ішіп жатыр деп ойлап отырған жоқ. Әкесі жазушы, анасының атында қаншама пәтерлері бар. Төлеймін десе бір күнде бәрін жауып тастауға жағдайлары жетеді. Толық жауып берсе мүлдем байланысқым келмейді. Қазір бірақ басқа амалым жоқ, – деп жазды Жазира. 

«ЖЕТІМ ЕКЕНІМДІ БІЛДІ» 

Жалғызбасты ана декретте отырып тапқан табысы балаларының тамағынан артылмайтынын айтады. Көмек сұрап барар жақын ағайыны да, ата-анасы да жоқ. 

–Енді не істерімді білмеймін. Барлық достарына айтқыздым. Мен жақтан әке-шеше де, бауыр, туыс та болмай тұр. Мені ойламайтыны анық, үш баласын ойламайды ма? Жағдайы жоқ болса бір жөн дейсің. Тоқал алдым деп, балаларын қалай ұмытуға болады? Олар ішпей, жемей қалмайды? Айфонның қарызын төлеп тұрамын деген еркектік сөзіңнен тайып, бір байланысқа шықпай қашып жүр. Үйіне балаларыммен бардым. Әке-шешесімен жабылып, милиция шақырып, қуып шықты. Бейнежазбаға түсіріп тұрған үлкен балаларым. Немерелінен аяқ тартар деп, бірінші рет алып барғанмын. Бірақ көріп тұрғандарыңыздай ол да көмектеспеді, – дейді ол. 

Жазираның басында қазір 1 миллион 173 мың теңге телефонның қарызы бар екен. Ай сайын 80 мың теңгеден төлеуі керек. Бірақ бұрынғы күйеуіне несиеңді жап деп жазғанда: “Мазалама, графикті сотпен жаса” деген жауап алыпты. Енді ол банктегі қарызын жауып берсе, мазаламай өз жөніме кетер едім деп отыр. 

–Алиментке заңды түрде беремін. Маған жылдар бойы манипулияция жасап келді. Бәріне өзім кінәлімін деп ойлап жүрдім. Еркебұланнан 12 жыл ішінде бір де бір рет “балаларым үшін саған рахмет. Мен кетіп қалғанда да, ештеңеге қарамай өзің тәрбиеледің” деген бір ауыз сөз естімедім. Егер қарызын толық төлегенде анасы мен әкесін араластырмаушы едім. Ол мені аманат қылып алғанда жетім екенімді білді. Бірақ қамқор болудың орынына қорлады,– деп жазды ол. 

ЖАЗИРАНЫҢ ЭКС-КҮЙЕУІ НЕ ДЕЙДІ?

Қуандық Түменбайға да, ұлы Еркебұланға да хабарластық. Әкесі сөйлеспегенімен, ұлы дауға қатысты өз нұсқасын айтуға келісті.

Оның сөзінше, Жазира екеуі заң бойынша 2020 жылы ажырасқан. Ал нақты қарым-қатынасты 2023 жылы біржолата тоқтатқан. Екінші рет 2025 жылы қарашада үйленіпті. 

– Қазір ол 3 баламен менің анамның атындағы пәтерде тұрып жатыр. Балама мұра деп жазылған. 2020 жылы заңмен ажырастық. Сол уақыттан бастап ауызша келісім бар еді. Пәтерде тұра бер, ақшалай көмектесіп тұрамын дедім. Ескі болса да, көлігімді атына аудардым. Бергенің жетпейді дей береді. Бары сол десем, әкеңді желіге шығарамын деп айтады. Бірінші рет  шығарған соң, ақша беруді тоқтаттым. Заң бойынша алиментке берсе, оны төлеуден қашып отырғаным жоқ,– дейді Еркебұлан Түменбай.

Ол экс-әйелінің атынан алынған несиені соңғы ай ғана төлемегінін айтып ақталды.

– Анам немерелеріме деп қаншама рет ақша жіберіп отырады. Біздің пәтерде тұрады, коммуналдық төлем де төлемейді. Интернет те бізден. Бірақ ауызша келісімнің шегі болмай кетті. Әке-шешемнің мазасын алмасын деп ақшасын беріп отырдық. Сәл кешіктірсең, желіге саламын деп мазалайды. Қарызымды да төлеп жүргенмін. Соңғы 1 ай ғана төлегенім жоқ, – деп ақталды жазушының ұлы.

ҚУАНДЫҚ ТҮМЕНБАЙ КІМ?

Қуандық Түменбай – қазақ жазушысы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. Ол 1955 жылдың 22 тамызында Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ыбырай Жақаев атындағы ауылда дүниеге келген.

1977 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 1990 жылы Мәскеудегі Әдебиет институтын тәмамдаған.

Еңбек жолында 1990–1998 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Жетісу», «Алматы ақшамы» газеттерінде тілші, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. Сонымен қатар «Жалын», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі, «Қазақстан» баспасында бас редактор болған. Алматы Халықаралық мамандықтар институтында оқытушылық қызмет те атқарған.

Жазушының «Қайың сапты кетпен», «Жүрдек поезд», «Каникулды күткен қыз», «Жігіттің Көктөбесі» және басқа да прозалық шығармалар жинақтары жарық көрген. Оның туындылары араб, орыс және неміс тілдеріне аударылған.

 

Серіктес жаңалықтары