×
461.55
540.38
6.15
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
461.55
540.38
6.15

Әл-Фарабидегі апат: тергеу қашан аяқталатыны белгілі болды

Бүгін, 12:34
Әл-Фарабидегі апат: тергеу қашан аяқталатыны белгілі болды
Фото: zakon.kz, t.me / kris_p_almaty_kz

Алматының Әл-Фараби даңғылындағы үш адамның өмірін қиған апатқа қатысты  қылмыстық істі тергеу аяқталуға жақын, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов қоғамда үлкен резонанс тудырған іске қатысты тергеу қорытындысы көп ұзамай жарияланатынын айтты.

Министрдің орынбасарының айтуынша, қылмыстық іс бойынша қажетті сараптамалардың басым бөлігі аяқталған.

«Екі апта ішінде тергеудің аяқталғанын жариялауды жоспарлап отырмыз. Барлық қажетті тергеу әрекеттері тәмамдалып, іс соңына таяп қалды. Нәтижесі туралы қосымша хабарлаймыз», — деді Санжар Әділов Сенат кулуарында.

ҮШ АДАМНЫҢ ӨЛІМІ

Еске салайық, 21 наурыз түнде Алматыда Zeekr маркалы автокөліктің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Mercedes көлігімен соқтығысқан. Салдарынан Mercedes көлігіндегі үш адам қаза тапқан.

Қаза тапқандардың туыстары істің әділ тергелуін талап етті. Олар апатқа қатысы бар барлық тұлғаларды жауапкершілікке тартуды сұрады.

Кейінірек Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты мен құқық қорғау органдарының әрекетіне байланысты пікір білдірген заңгер Әділетхан Молдаханның ұсталғаны мәлім болды.

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов өте жоғары жылдамдықпен келіп, жолдың қарсы бетінше шығып кеткен Zeekr иесінің әрекеті жайлы өз пікірін айтқан.

«Бұл кездейсоқ көшеде болған апат емес. Алматы қаласында көп жылдан бер байлардың балалары қымбат автокөліктер алып, әр автокөліктің құны жүз мың доллардан асады, әл-Фараби көшесінде екі жаққа қарай, бір-бірімен жарысып, әртүрлі ойындар ұйымдастырады. Бұл кездейсоқ жарыс емес, өздері келіскен уақытта барады. Әртүрлі ойын түрлері бар. Шахмат деген бар, кім тез жетеді деген бар», – деді депутат Ulysmedia тілшісіне.

Серіктес жаңалықтары