×
464.53
543.73
6.15
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
464.53
543.73
6.15

Трампқа қастандық ісі: судья айыпталушыдан кешірім сұрады

Бүгін, 09:22
Трампқа қастандық ісі: судья айыпталушыдан кешірім сұрады
Фото: entrevue

Судья Дональд Трампқа қастандық жасамақ болды деген күдікке ілінген Коул Томас Алленнен кешірім сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

CNN хабарлауынша, АҚШ-тағы федералды судья Зия Фаруки Ақ үй тілшілер қауымдастығының кешінде болған атысқа байланысты айыпталған Коул Томас Аллен қамауда ұстау жағдайларын сынға алды. 

Судьяның айтуынша, Алленге қолданылған қатаң шаралар, соның ішінде толық оқшаулау режимі, тіпті 2021 жылғы 6 қаңтардағы Капитолийге шабуыл ісі бойынша айыпталғандарға қарағанда да ауыр болған. Ол сотталушыға «басқалардан өзгеше қаралғанын» атап өтті.

Алленнің адвокаттары оны негізсіз суицид қаупіне байланысты бақылауға алып, Вашингтон түрмесінде оқшау камераға қамағанын айтқан. Ал мекеме өкілдері бұл шаралар уақытша болғанын және бастапқы медициналық тексерумен байланысты екенін мәлімдеді.

Сот отырысы барысында судья айыпталушыдан кешірім сұрап, түрме әкімшілігіне оның ұстау жағдайы бойынша қабылданған шешім туралы өзіне хабарлауды міндеттеді. Сонымен қатар, судья Алленнің өтініші бойынша оған Інжіл беруді тапсырды.

АТЫС

26 сәуір күні Вашингтондағы Washington Hilton қонақүйінде өткен жыл сайынғы кеш кезінде атыс болды. Шараны White House Correspondents' Association ұйымдастырған. Кешке Дональд Трамппен қатар оның жұбайы Мелания Трамп және АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс қатысқан.

Қонақүй кіреберісінде белгісіз ер адам оқ атып, салдарынан қауіпсіздік қызметінің бір қызметкері жарақат алды. Оқиға орнында күдікті ұсталып, тергеу басталды.

Оған бірнеше айып тағылды, соның ішінде Дональд Трампқа қастандық жасау әрекеті де бар.

КҮДІКТІ КІМ?

Күдікті жеке білім беру ұйымы C2 Education-да оқытушы болған. АҚШ-тың Federal Election Commission деректеріне сәйкес, ол 2024 жылдың қазан айында Камала Харрис сайлау науқанына 25 доллар аударған. 

31 жастағы Калифорния мұғалімі Коул Аллен Ақ үй қызметкерлеріне шабуыл жасауды жоспарлаған. Ол жазбаларының бірінде АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс туралы ауыр сөз айтып, АҚШ-тың өз уәделерін орындамай отырғанын сынға алған. Бұл пікірді ол Украинаның бұрынғы халық депутаты Антон Геращенко жариялаған жазбаға жауап ретінде білдірген.

Сонымен қатар, Аллен Украинадағы әскери бөлімдерге және көмекке мұқтаж студенттерге қаражат жинауды ұйымдастырған. 

Серіктес жаңалықтары