Қазақстандық белгілі заңгер Абзал Құспан Мәжіліс депутаттығына ұсынылды. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.
Адвокат Батыс Қазақстан облысының бір мандатты округінен сайлауға түсуде.
"Мен Батыс Қазақстан облысынан Мәжіліс депутаттығына өзін-өзі ұсынған кандидат ретінде өтініш бердім. Мен екі аптаның ішінде жағдайды зерттеп, ойланып, шешім қабылдадым", - деп жазды ол Facebook-те.
Абзал Құспан – қазақтың белгілі заңгері, қоғам қайраткері. 2011 жылы ол құқық қорғаушы Әсел Нұрғазиевамен бірге Жаңаөзен оқиғасы бойынша полицияның жаппай жазалауынан зардап шеккендердің мүддесін қорғаған.
2022 жылдың 7 қаңтарында Оралдағы бейбіт митингіге қатысқан Құспан ұсталды. Шерушілер үкіметтің отставкаға кетуін талап етті.
Еске салайық, Қазақстанда 19 наурызда Мәжіліс пен мәслихаттардың кезектен тыс сайлауы өтеді.
Бұған дейін мәжіліс депутаттығына ақын Ринат Зайытов та үміткер болатыны белгілі болған еді.