×
463.41
546.27
6.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
463.41
546.27
6.18

«Әділет» съезі: Дәдебай халыққа қандай уәде берді?

Бүгін, 13:02
«Әділет» съезі: Дәдебай халыққа қандай уәде берді?
Фото: Kazinform

«Әділет» партиясының жаңадан сайланған төрағасы Айбек Дәдебай құрылтай съезінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жаңа партияның құрылтай съезіне қатысқан делегаттар алдында сөз сөйлеген Айбек Дәдебай ел болашағы азаматтардың жауапкершілігіне, заңға құрметіне және мемлекет өміріне белсенді араласуына байланысты екенін айтты.

– Тәуелсіз әрі өркендеген Қазақстан атты ортақ үйіміздің болашағы дәл бүгін қалыптасып жатыр. Ол – әр азаматтың саналы таңдауынан басталады: адал еңбек ету, заңды құрметтеу, ел өміріне араласу. Біз ашық, белсенді әрі қоғам алдында есеп беретін форматта бірге жұмыс істейміз. Біз оңай шешімдер мен ғажайыптарға уәде етпейміз. Бірақ бір нәрсеге кепілдік береміз – жүйелі, жауапты және дәйекті жұмысқа. Бастысы – жұмыс, – деді «Әділет» партиясының төрағасы.

КОНТЕКСТ

Құрылтай съезінде Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып бірауыздан сайланды. Бұрын Президент әкімшілігін басқарған Дәдебайдың партия тізгінін қолға алуы жаңа ұйымның саяси салмағына қатысты талқылауды күшейтті.

Серіктес жаңалықтары