×
463.41
546.27
6.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
463.41
546.27
6.18

«Жарылыс бола жаздады»: Алматыдағы дәмханалардың бірі өртенді

Бүгін, 09:38
«Жарылыс бола жаздады»: Алматыдағы дәмханалардың бірі өртенді
gov.kz

Алматы қаласының 112 пультіне Жетісу ауданында Дегтярев көшесі бойында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиғаның мән-жайы

ТЖД мәліметінше, өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде, дәмхананың ашық жалынмен жанып жатқаны анықталған.

“Су тасымалдаушы автоцистерналар жақын маңдағы, шамамен 100 метр қашықтықта орналасқан өрт гидранттарына дереу қосылып, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында көрші үйдің екі тұрғыны қауіпсіз жерге шығарылды. Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт сөндірілді”, – делінген хабарламада. 

Өртті сөндіру барысында құтқарушылар жанып жатқан дәмханадан 5 газ баллоны шығарылып, ықтимал жарылыстың алдын алған. Сондай-ақ өрттің көршілес жеке тұрғын үйлерге таралуына жол берілмеген.

ТЖД өрттің шығу себебі анықталып жатқанын мәлімдеді.

Щучинскідегі өрт

Айта кетейік, бұдан бұрын Щучинскіде «Палау орталығы» кафесінде жарылыс болған еді.  Алдын ала мәліметтерге сәйкес, дәмхана ішінде газ баллоны жарылып, артынша күшті өрт шыққан. Оқиға салдарынан 12 адам қаза тапты.

Аталған факті бойынша адам өліміне әкелген өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу бабымен қылмыстық іс қозғалды. Наурыз айында кафе иесі күдікті деп танылып, екі айға қамауға алынған еді.

7 мамыр күні оның қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылғаны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары