×
461.26
542.58
6.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
461.26
542.58
6.18

Ең қысқа сөз: Путин Ресейдің тағдыры кімнің қолында екенін айтты

Бүгін, 16:02
Ең қысқа сөз: Путин Ресейдің тағдыры кімнің қолында екенін айтты
фото: ria.ru

Ресей президенті Владимир Путин Жеңіс парадындағы сөйлеген сөзінде әскери техника мен соғыс жүргізу тәсілдері өзгергенімен, елдің тағдырын бәрібір адамдар айқындайтынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ПУТИН НЕ ДЕДІ?

Ресей басшысы бұл ретте тек әскери қызметкерлер ғана емес, түрлі сала мамандарының да рөлі маңызды екенін атап өтті. Путин сарбаздарды, зауыттар мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жұмысшыларын, қару-жарақ өндірушілерін, соғыс тілшілерін, дәрігерлерді, мұғалімдерді, мәдениет қайраткерлерін, дін қызметкерлерін, еріктілерді, кәсіпкерлер мен қайырымдылықпен айналысатын азаматтарды да ерекше атады.

Президент Ресейдің тағдырын оның барлық азаматтары бірге айқындайтынын баса айтты.

Сонымен қатар Қызыл алаңдағы Жеңіс парадында сөйлеген сөзінде Путин Ұлы Отан соғысы жылдарында орыс сарбаздары еркіндік үшін орасан зор құрбандыққа барғанын атап өтті. Оның айтуынша, дәл Кеңес Одағының халқы әлемді нацизмнен құтқарып қалды.

Дәстүр бойынша мемлекет басшысы сап түзеген әскерлердің шеруі басталар алдында сөз сөйледі. Ол бұл жолы да ата-баба ерлігін еске салып қана қоймай, Ресей Қарулы күштерінің қазіргі негізгі басымдықтарын атап өтті және ел жүргізіп отырған қауіпсіздік саясатының басты бағыттарын қорытындылады.

ЕҢ ҚЫСҚА СӨЗ

2026 жылғы Путиннің сөзі ең қысқалардың бірі болды. Өткен жылы да оның сөзі шамамен осы ұзақтықта болған. Ең ұзақ сөз 2022 жылы айтылған – 11 минут. Ал 2023 жылғы сөз 10 минут, 2020 жылы 9 минутқа созылған.

ПАРАДҚА ТОҚАЕВ ТА БАРДЫ

Еске салайық, Мәскеудегі Жеңіс парадына Қазақстан президенті де қатысты. Шеруден кейін Тоқаев өзге көшбасшылармен бірге Александр бағындағы Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоқтарын қойды.

Іс-шараларға Қазақстан басшысынан бөлек, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Малайзия Королі Сұлтан Ибрагим, Лаос Президенті Тхонглун Сисулит және басқа да ресми тұлғалар келді.

8 мамыр күні Путин олармен Кремльде жеке кездесулер өткізген.

Серіктес жаңалықтары