×
461.26
542.58
6.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
461.26
542.58
6.18

Катар жағалауында жүк кемесі атқыланды

Бүгін, 17:07
Катар жағалауында жүк кемесі атқыланды
Көрнекі сурет. Фото: Ашық дереккөзден

Доха маңында сауда кемесі белгісіз снарядтың соққысына ұшырады. Оқиға Иран Ислам революциясы сақшылары корпусының қоқан-лоққысынан кейін болды, деп хабарлайды Ulysmedia.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Доха қаласының солтүстік-шығысынан 23 теңіз милі қашықтықта сауда кемесі белгісіз снаряд соққығысына ұшырады. Бұл туралы Ұлыбританияның теңіз қауіпсіздігі қызметі (UKMTO) хабарлады.

Кеменің бортында шағын өрт шығып, ол тез арада сөндірілген. Зардап шеккендер мен экологиялық шығын тіркелмеген.

Оқиғаға дейін бір күн бұрын Ислам революциясы сақшылары корпусы аймақтағы АҚШ нысандар мен «жау кемелеріне» соққы беруі мүмкін екенін мәлімдеген.

«Иранның мұнай танкерлері мен сауда кемелеріне жасалған кез келген шабуыл аймақтағы АҚШ нысандарыныңбіріне және жау кемелеріне қатаң қарымта соққымен аяқталады», – деген Иран мемлекеттік телеарналары сақшылар корпусына сілтеме жасап.

Сонымен қатар, Катардың Ормұз бұғазы арқылы сұйытылған табиғи газ (СПГ) экспортын қайта бастағаны хабарланып отыр. Bloomberg мәліметінше, Катар Иранмен соғыс басталғалы бері алғаш рет газ тасымалдайтын танкерді Ормұз бұғазы арқылы өткізе алған.

Кемелер қозғалысын бақылайтын орталықтың дерегіне сәйкес, Катардағы Рас-Лаффан экспорт терминалынан шыққан Al Kharaitiyat танкері Ормұз бұғазынан өтіп, қазір Оман шығанағы арқылы Пәкістанға бет алған. Мәліметтерге қарағанда, танкер Иран жағалауы бойындағы солтүстік бағытпен жүрген және бұл бағыт Тегеран тарабымен келісілген болуы мүмкін.

Equasis базасының ақпараты бойынша, Al Kharaitiyat катарлық Nakilat компаниясына тиесілі. Әзірге Nakilat пен QatarEnergy жағдайға қатысты пікір білдірмеді.

КОНТЕКСТ

8 мамыр күні АҚШ әскери ұшақтар Оман шығанағында Иранның екі бірдей жүк кемесіне соққы жасаған. Бұл туралы Парсы шығанағы аймағындағы операцияларға жауапты АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) хабарлаған.

Ақпанның аяғында АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы басталғаннан кейін Тегеран Ормұз бұғазын жауып тастаған. Бұл әлемде энергия ресурстарының күрт өсуіне әуелген.

Сәуір айынан бері аймақта бітім режимі енгізілгенімен, аймақта әлі де болса тұрақтылық орнаған жоқ.

Серіктес жаңалықтары