11 мамыр күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады деп күтілуде. Синоптиктер жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел болатынын болжауда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
НӨСЕР МЕН ТҰМАН
Елдің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты нөсер жаңбыр күтілуде. Кейбір аймақтарда дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін.
Түнде және таңертең Қазақстанның батысында және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман түседі деп болжануда. Оңтүстікте шаңды дауыл тұруы ықтимал.
Синоптиктердің мәліметінше, жауын-шашын тек республиканың солтүстік-батыс бөлігінде болмайды.
-6 ГРАДУСҚА ДЕЙІНГІ СУЫҚ
Бірқатар облыстарда түнгі уақытта ауа температурасы 1–6 градус болуы мүмкін. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай облысының бір бөлігінде күн суытуы ықтмал.
Жауын-шашынға қарамастан, Қызылорда, Жетісу, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай және Ұлытау облыстарында өрт қаупі сақталады.