×
461.26
542.58
6.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
461.26
542.58
6.18

Шымкентте +32, Астанада +25: Қазақстанда күн қайта ысиды

Бүгін, 18:18
Шымкентте +32, Астанада +25: Қазақстанда күн қайта ысиды
Фото: Ernur.kz

Қазақстанның ірі қалаларында алдағы күндері күн жылып, жауын-шашын азаяды. Синоптиктердің болжамынша, әсіресе елордада бірнеше күннен кейін ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді. Астанада 13 мамырда күн бұлтты болып, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел күшейіп, екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы +14…+16 градус шамасында болады.

Ал 14 мамырдан бастап елордада күн ашылып, жауын-шашын тоқтайды. 15 мамыр күні ауа температурасы +23…+25 градусқа дейін көтеріледі.

Алматыда да алдағы үш күнде жауын-шашын күтілмейді. Қалада күндізгі температура +17…+21 градус аралығында болады.

Ең ыстық ауа райы Шымкентте болжанып отыр. 13-15 мамыр аралығында қалада ауа температурасы +32 градусқа дейін жетеді. Сонымен қатар желдің екпіні секундына 20 метрге дейін күшеюі мүмкін.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның көп бөлігінде көктемгі жылы ауа райы сақталады.

Серіктес жаңалықтары