×
467.63
547.69
6.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
467.63
547.69
6.36

Костюм мен галстуксыз: шенеуніктерге арналған дресс-код өзгерді

Бүгін, 08:29
Костюм мен галстуксыз: шенеуніктерге арналған дресс-код өзгерді
фото: ашық дереккөзден

Қырғызстанда мемлекеттік қызметкерлерге арналған дресс-код өзгерді. Енді шенеуніктерге пиджак пен галстуктан бас тартып, жұмысқа жеңіл жейдемен келу ұсынылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖАҢА ТАЛАПТАР

Тиісті өкімге министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Қасымәлиев қол қойған. Жаңа талаптар 14 мамырдан бастап күшіне енеді.

Қасымәлиевтің айтуынша, мұндай шешім аптап ыстық пен электр энергиясын үнемдеу қажеттілігіне байланысты қабылданған. Оның сөзінше, қызметкерлер костюмсіз жұмыс істесе, ғимараттарда кондиционерді сирек қосуға болады.

– Қазір бәріміз костюм киіп отырып, кондиционер қосамыз. Егер жай ғана жейдемен жұмыс істесек, электр қуатын үнемдеуге мүмкіндік туады, – деді үкімет басшысы.

ЖАПОН ТӘЖІРИБЕСІ

Қасымәлиев мұндай тәжірибе Жапонияда бұрыннан қолданылатынын айтты. Оның сөзінше, ол елде шенеуніктер электр энергиясын аз тұтыну үшін галстук пен пиджактан бас тартқан. Соның арқасында миллиардтаған иен үнемделген.

Серіктес жаңалықтары