×
467.63
547.69
6.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
467.63
547.69
6.36

Санжар Боқаевты қамау мерзімі ұзартылды

Бүгін, 09:25
Санжар Боқаевты қамау мерзімі ұзартылды
коллаж Ulysmedia

Алматы соты қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың қамау мерзімін 2026 жылдың 18 маусымына дейін ұзартты. Ол заңсыз ағаш кесу, құрылыс нысандарындағы ұрлық және аса ірі көлемдегі алаяқтық ісі бойынша күдікке ілінген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ШЕШІМ ҚАНДАЙ?

Алматы қаласының тергеу соты қоғам белсендісі Санжар Боқаевты қамауда ұстау мерзімін 2026 жылдың 18 маусымына дейін ұзартты. Бұл туралы оның қорғаушысы мәлімдеді.

– Өкінішке қарай, Алматы қаласының тергеу соты қорғауымыздағы Санжар Омарұлы Боқаевтың қамау мерзімін 2026 жылғы 18 маусымға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады, – деді адвокат.

Санжар Боқаев наурыз айында ұсталған болатын. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол ағаштарды заңсыз кесуді ұйымдастыруға және құрылыс нысандарындағы ұрлықтарға қатысы болуы мүмкін. Тергеушілердің айтуынша, кейін бұл оқиғалар қоғамда резонанс тудыру үшін видеоға түсірілген.

Сондай-ақ белсенді аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін Ахиддин Хамракуловқа қатысты видеолар қоғамда қызу талқыланған еді. Алғашқы видеода ол өзіне қысым жасалып, Боқаевқа қарсы куәлік беру үшін соққыға жығылғанын айтқан. Кейін тағы бір видео жарияланып, онда Хамракулов бұрынғы сөзінен бас тартты.

Оның айтуынша, видео түсірілімдеріне өзі белсендінің өтінішімен қатысқан. Сонымен қатар адвокат Диас Ахметов өзін азаптау туралы айтуға үгіттегенін мәлімдеді.

Осыдан кейін Бас прокуратура аталған жайт бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаған.

Серіктес жаңалықтары