×
474.04
555.01
6.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.04
555.01
6.45

АҚШ-та ұшақ апатқа ұшырап, борттағылар түгел қаза тапты

Бүгін, 08:57
АҚШ-та ұшақ апатқа ұшырап, борттағылар түгел қаза тапты
фото: ашық дереккөзден

АҚШ-та медициналық мақсаттағы ұшақ апатқа ұшырап, борттағы 4 адамның бәрі қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АПАТ САЛДАРЫНАН ОРМАН ӨРТЕНДІ

Associated Press агенттігінің жазуынша, апат Нью-Мексико штатындағы таулы аймақта болған. Төтенше жағдай салдарынан маңайдағы орманнан өрт шыққанын жергілікті билік хабарлады.

New Mexico штатындағы Линкольн округінің менеджері Джейсон Бернстің айтуынша, түске қарай өрт 35 акр аумақты (шамамен 14 гектар) шарпыған. Құрғақ әрі желді ауа райы тілсіз жаудың тез таралуына себеп болған.

Бернс округ билігі өрттің ұлғаюына қатты алаңдап отырғанын айтып, жергілікті қызметтер АҚШ Орман қызметімен бірлесіп, жалынды ауыздықтауға кіріскенін мәлімдеді.

АПАТТЫҢ СЕБЕБІ

Әзірге ұшақ апатының неден болғаны белгісіз.

Ұшақтың сынықтары бейсенбі күні таңғы сағат 8 бен 9 аралығында Capitan Mountains аумағындағы тік әрі тасты жерде табылған. Оқиға орнына жету қиын болғандықтан, құтқарушылар жолдың соңғы жарты милін жаяу жүріп өткен.

Қаза тапқандардың арасында экипаж мүшелері мен медицина қызметкерлері болған. Олардың есімдері әзірге жарияланған жоқ.

Серіктес жаңалықтары