×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Әкесі мен баласының өлімі: Ақмолада мас жүргізушіге үкім шықты

06.02.2023, 08:04
Әкесі мен баласының өлімі: Ақмолада мас жүргізушіге үкім шықты
фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысында екі адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізушіге үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 2022 жылдың 23 тамызында сағат 22:00 шамасында «Екатеринбор-Алматы» тасжолында болған.

«Анықталғандай, Қараменді батыр ауылы жағынан Целиноград ауданы Тасты ауылы бағытында жүріп бара жатқан «Audi A6» автокөлігінің жүргізушісі масаң күйде жылдамдыққа қатысты жол қозғалысы ережесінің бірнеше тармағын бұзған. Соның салдарынан оның көлігі алда кетіп бара жатқан «Mazda 626» көлігімен соқтығысты. Артынша, «Mazda 626» көлігі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, тіркемесі бар «Mersedes Benz» жүк көлігіне бетпе-бет соғылды. Қатты соққыдан жеңіл көлік екіге бөлініп, кейіннен өртке оранды. Оқиға орнында «Mazda 626» автокөлігінің жүргізушісі тілге келмей көз жұмды, ал оның жанында отырған 17 жастағы ұлы ауруханада қайтыс болды», - деді ведомстводан.

Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 345-1-бабы бойынша «көлік құралдарын алкогольдік, есірткілік және (немесе) тосикоманикалық масаң күйде басқаратын адамдардың жол қозғалысы ережесін бұзуы» бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Сотталушы жол апатындағы кінәсін толық мойындады. Айтуынша, әйелі екеуі арасында болған жанжалдан кейін арақ ішіп, рульге отырған. Жол-көлік оқиғасы кезіндегі сәті есінде жоқ, тек болған оқиғаға толық өкінеді», - деп толықтырды ведомстводан.

Ақмола облысы Целиноград аудандық сотының үкімімен «Audi A6» автокөлігінің жүргізушісі кінәлі деп танылды. Ол өмір бойына көлік жүргізу құқынан айырылып, бес жылға сотталды.