×
470.17
547.47
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
470.17
547.47
6.42

Астанада заңсыз тұрғын үйлер салынып жатқаны белгілі болды

Астанада заңсыз тұрғын үйлер салынып жатқаны белгілі болды
Фото: istockphoto.com

Елордадағы Шыңғыс Айтматов көшесінде тұрғын үй кешендері заңсыз салынып жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

БАС ПРОКУРАТУРА МӘЛІМДЕМЕСІ

Прокурорлардың мәліметінше, Ш. Айтматов көшесі, 24/8 учаскесіне жақын маңда кіріктірілген үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы жүріп жатқаны анықталды.

«Тексеру нәтижесінде бұл нысандағы құрылыс-монтаждау жұмыстары сараптаманың оң қорытындысынсыз және жұмыстардың басталғаны туралы хабарламасыз жүргізіліп жатқаны белгілі болды», — деп атап өтті Бас прокуратура.

Осыған ұқсас келесі заңбұзушылық Ш. Айтматов пен Е164 көшелерінің қиылысында тіркелді. Мұнда кіріктірілген үй-жайлары, медициналық орталығы және паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені бой көтеріп жатыр. Құрылыс нысанына жүргізілген тексеру барысында бірқатар заңбұзушылық анықталды. Атап айтқанда, жер учаскесіне қатысты құқық белгілейтін құжаттар болмаған. Сонымен қатар жобалау-сметалық құжаттама әзірленбеген және міндетті сараптама қорытындысы алынбаған. Бұдан бөлек, құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау туралы тиісті хабарлама уәкілетті органдарға жолданбаған.

ЗАҢ ТАЛАПТАРЫН ЕЛЕМЕЙДІ

Бас прокуратура бұған дейін құрылысты тоқтату туралы ескерту алса да, заң талаптарын елемей, жұмысын жалғастыра берген заңсыз құрылыс салушыларға ерекше назар аударылып жатқанын жеткізді.

Қазіргі уақытта елорданың қала құрылысы саласында тәртіп орнату және заңсыз нысандардың жолын кесу мәселесі прокуратураның тұрақты бақылауында.

Серіктес жаңалықтары