×
470.17
547.47
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
470.17
547.47
6.42

17 мамырға арналған ауа райы болжамы

17 мамырға арналған ауа райы болжамы
Фото: pixabay

17 мамыр, яғни ертеңге арналған ауа райы болжамы жарияланды. Демалыс күні еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СИНОПТИКТЕР НЕ ДЕЙДІ?

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей өңірлерде құбылмалы ауа райы сақталады. Еліміздің батысында, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және оңтүстік-шығысының таулы аудандарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Күндіз оңтүстік-батыста нөсер жаңбыр жауса, шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар аралас) күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік, батыс және оңтүстік-батыс өңірлерде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік, шығыс және оңтүстік-батыс өңірлерде түнде және таңертең тұман түседі. Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ Абай облысының батысында үсік жүреді.

ӨРТ ҚАУПІ САҚТАЛАДЫ

Ауа райының құрғақтығына байланысты еліміздің бірқатар облысында өрт қаупі сақталады. Жоғары өрт қаупі бар өңірлер: Атырау (солтүстік-батысы мен оңтүстігі), Маңғыстау (солтүстік-шығысы), Қостанай (орталығы), Павлодар (батысы, шығысы, оңтүстігі), Қызылорда (солтүстігі), Түркістан (батысы, солтүстігі), Қарағанды (батысы, солтүстігі), Жамбыл (батысы), Алматы, Шығыс Қазақстан (орталығы), Ақмола (солтүстігі, орталығы, оңтүстігі), Ұлытау облыстары мен Абай облысының шығысы.

Төтенше өрт қаупі бірқатар өңірде сақталып тұр. Атап айтқанда, Қызылорда облысы аумағы, сондай-ақ Ақтөбе облысы мен Қарағанды облысы облыстарының оңтүстік бөліктері кіреді. Сонымен қатар, Жетісу облысының оңтүстік-шығысында және Павлодар облысы мен Ұлытау облысының шығыс аумақтарында да өрт қаупі жоғары деңгейде сақталып отыр.

Серіктес жаңалықтары