×
470.17
547.47
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
470.17
547.47
6.42

Төртінші вице-министр: Сүлейменованың жаңа орынбасары кім?

Бүгін, 12:44
Төртінші вице-министр: Сүлейменованың жаңа орынбасары кім?
gov.kz

Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігінде мектептердегі жасанды интеллектке жауапты вице-министр тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖИ-ҒА ЖАУАПТЫ МАМАН?

Жұлдыз Сүлейменованың орынбасарларының қатары Сергей Компаниецпен толықты. Тиісті қаулыға үкімет қол қойды.

Министрліктің мәліметінше, жаңа вице-министр білім саласын цифрландыруға және мектептерге жасанды интеллект технологияларын енгізуге жауап береді.

Сергей Компаниец 39 жаста. Ақмола облысында туған, Астанада білім алған. АҚШ-тағы Джордж Вашингтон университетін тәмамдаған.

ҚАЙ САЛАЛАРДА ЖҰМЫС ІСТЕГЕН?

Еңбек жолын IT саласы мен мемлекеттік қызметте бастаған. Әр жылдары цифрлық технологиялар мен мемлекеттік басқаруға қатысты құрылымдарда жұмыс істеген.

Ол Шымкент әкімдігі аппаратында, Shymkent әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында, Turkistan арнайы экономикалық аймағында, сондай-ақ AMANAT партиясының орталық аппаратында қызмет атқарған.

2024 жылғы ақпаннан бері Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Серіктес жаңалықтары