×
470.17
547.47
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
470.17
547.47
6.42

Әлем елдерінің бірінде тұрғындар ChatGPT Plus-ті жаппай тегін қолданады

Бүгін, 14:26
Әлем елдерінің бірінде тұрғындар ChatGPT Plus-ті жаппай тегін қолданады
фото: ашық дереккөзден

Мальта әлемде бірінші болып барлық азаматына ChatGPT Plus қызметіне тегін қолжетімділік ұсынған ел атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЕЛ ҮКІМЕТІМЕН КЕЛІСІМ

OpenAI компаниясы Мальта үкіметімен келісім жасасқанын хабарлады. Соған сәйкес, ел тұрғындары жасанды интеллектіні қолдану бойынша арнайы курстан өткеннен кейін бір жыл бойы ChatGPT Plus жазылымын тегін пайдалана алады.

«Жасанды интеллект – баршаға» деп аталатын ұлттық бағдарламаның алғашқы кезеңі мамыр айында басталады. Тегін жазылымдарды таратуды Мальтаның цифрлық инновациялар басқармасы үйлестіреді.

Мальта экономика, кәсіпкерлік және стратегиялық жобалар министрі Сильвио Шембри елдің мұндай ауқымдағы серіктестікті іске қосқан алғашқы мемлекет болғанын айтты.

– Біз азаматтарымыздың цифрлық дәуірден қалып қоюына жол бермейміз. Халқымызды жаһандық өзгерістердің алдыңғы қатарына шығарып отырмыз, – деді министр.

Оның сөзінше, бұл бастама жасанды интеллектіні халық үшін түсініксіз технология емес, күнделікті өмірге пайдалы құралға айналдыруға көмектеседі.

ШЕТЕЛДЕ ТҰРАТЫНДАР ДА ҚАЛЫС ҚАЛМАЙДЫ

Бағдарлама шетелде тұратын Мальта азаматтарына да қолжетімді болады.

OpenAI келісімнің қаржылық шарттарын жариялаған жоқ.

Қазір ChatGPT Plus жазылымының құны айына 20 доллар тұрады. Мальта халқы шамамен 574 мың адам.

Серіктес жаңалықтары