×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Автонесие: өтінімдерді қабылдайтын сайт 1 минут өтпей істен шықты

06.02.2023, 10:13
фото: ашық дереккөзден

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдайтын сайт іске қосылғанан соң 1 минут өтпей ашылмай қалды. Өтініш беруге ниеттілер сағат 10:01-де сайтқа кіре алмағандарын жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұдан бұрын көлік алу үшін жеңілдетілген несиеге өтінім қабылдау Астана уақыты бойынша сағат 10.00-де www.autonesie.kz  ресми сайты арқылы қабылданатыны хабарланған.

Алғашқы 761 өтініштен кейін платформа автоматты түрде оларды қабылдауды тоқтатуы тиіс. Қазіргі уақытта банктерде шамамен 7,6 млрд теңге (бір автокөлікке 10 млн теңге) бар.

Платформада тіркелгеннен кейін таңдалған автокөлік өндірушісін өзгерту мүмкін болмайды. Сондай-ақ сайтта тіркелмей несие алу мүмкін болмайды. Өтініштерді тек Қазақстан аумағынан беруге болады.

Алайда өтініш беруге ниеттілер сайтқа кіре алмай дал. Платформаның істен шығуына өтініштердің шамадан тыс көптігі, яғни бір мезетте жүктеменің күрт артқаны себеп болса керек. Бірақ бұған дейін өткен брифингте Өнеркәсіпті дамыту қорының директоры Ғалымжан Әди платформаны әзірлеу кезінде DDoS-шабуылдардың әсері және көптеген абоненттердің бір мезетте өтініш беру мәселесі қарастырылғанын айтып, сайт қиындықсыз жұмыс істейтініне сендірген еді.

Серіктес жаңалықтары