×
467.58
543.66
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
467.58
543.66
6.44

Огай отбасына тиесілі компания миллиондаған теңге айыппұл төледі

Бүгін, 11:00
Огай отбасына тиесілі компания миллиондаған теңге айыппұл төледі
фото: ашық дереккөзден

«Қаражыра» өндіріс орыны коммуналдық-тұрмыстық көмір бағасын негізсіз қымбаттатқаны үшін жауапкершілікке тартылды. Тергеуді монополияға қарсы орган жүргізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2022 жылдың алғашқы жартыжылдығында нарықта үстем жағдайға ие болған «Қаражыра» көмірді монополиялық жоғары бағамен сатқан. Семей соты компанияны монополияға қарсы заңнаманы бұзды деп таныды. Өндірілген қаражаттың жалпы көлемі 87,4 млн теңгені құрады. Компания 52,4 млн теңге айыппұл төлесе, тағы 35 млн теңге көлеміндегі монополия жолымен келген табыс мемлекет пайдасына тәркіленді.

– Бүгінде сот шешімі заңды күшіне енді. Әкімшілік айыппұл ерікті түрде төленді, ал монополия жолымен келген табыс толық көлемде мемлекет кірісіне тәркіленді, – деп хабарлады Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.

Компания кімге тиесілі

«Қаражыра» Абай облысында көмір өндіреді. АҚ-ның бақылау пакеті Огай әулетіне тиесілі. Акционерлер қатарында Владислав Огай, Элина Абдрахманова, Эдуард Огай, Владимир Джуманбаев және Ерлан Нығматуллин бар.

Серіктес жаңалықтары