×
467.58
543.66
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
467.58
543.66
6.44

Mango брендін құрған олигархтың ұлы әкесін өлтірді деген күдікпен ұсталды

Бүгін, 16:44
Mango брендін құрған олигархтың ұлы әкесін өлтірді деген күдікпен ұсталды
фото: ашық дереккөзден

Каталония полициясы Mango киім дүкендері желісінің негізін қалаушы Исак Андиктің қазасына байланысты оның ұлы Джонатан Андикті күдікті ретінде ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Reuters-тің жазуынша, жартастан құлаған кәсіпкердің өлімі бастапқыда жазатайым оқиға ретінде қарастырылып, бірнеше ай бойы негізгі нұсқа ретінде сол бағаланған. Тіпті марқұмның ұлы да осы пікірді ұстанған.

Испанияның TVE агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлағандай, Джонатан Андик қазір тергеу изоляторына жеткізілген, жақын уақытта сот алдына шығарылуы мүмкін. Қамауға алынған азаматтың отбасы өкілі оның тергеумен ынтымақтасуға дайын екенін айтқан. Істің толық мән-жайы әзірге жария етілмей отыр.

ӘКЕ МЕН ҰЛДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

Испан миллиардері 2024 жылдың 14 желтоқсанында Барселона провинциясында тауда серуендеп жүріп құлап көз жұмған. Сол кезде онымен бірге тек ұлы болған және ол оқиғаның жалғыз куәгері ретінде танылған. Алғашқы тергеу бірнеше аптадан кейін жабылғанымен, 2025 жылдың наурызында Марто­рель соты істі қайта қозғаған. Бұған мұрагердің жауабындағы қайшылықтар мен полиция күдігін тудырған өзге де жайттар себеп болған.

Атап айтқанда, Джонатан тауға шығар алдында әкесінің оққағары оларды екі бөлек қалдыруын сұрағаны анықталған. Сонымен қатар, оның сүйіктісі, кәсіби гольфшы Эстефания Кнут AFP агенттігіне берген сұхбатында Джонатан мен әкесінің қарым-қатынасы кейде шиеленісті болғанын айтқан.

Исак Андик 1984 жылы бауыры Нахманмен бірге Mango брендін құрған. 2023 жылы компанияның табысы 3,1 млрд еуроға жеткен, ал кәсіпкердің жеке байлығы 4,5 млрд доллар шамасында бағаланып, Испаниядағы ең ірі байлықтардың бестігіне кірген.

Серіктес жаңалықтары