×
467.58
543.66
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
467.58
543.66
6.44

Даулы заңға қол қойылды: эвтаназия қандай жануарларға қолданылады

Бүгін, 18:14
Даулы заңға қол қойылды: эвтаназия қандай жануарларға қолданылады
Ulysmedia.kz коллажы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелеріне қатысты заңға енгізілген өзгерістерге қол қойды. Құжатта қаңғыбас жануарларды ұстау ережелері мен оларды реттеу тәртібі қарастырылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

НЕ ӨЗГЕРЕДІ?

Мамыр айының басында бұл түзетулерді Мәжіліс пен Сенат депутаттары мақұлдаған болатын. Енді жергілікті әкімдіктер мен мәслихаттар жануарларды ұстау қағидаларын және қаңғыбас ит пен мысықтарды уақытша ұстау орталықтарында қанша уақыт болатынын өздері белгілей алады.

Сонымен қатар, жануардың иесі бар-жоғын анықтайтын өлшемдер кеңейтілді. Бұрын тек чиптің болуына мән берілсе, енді қарғыбау, таңба (бирка) және жануардың сыртқы келбеті де есепке алынады.

Эвтаназия ұғымы да нақтыланды. Енді ол тек медициналық көрсеткіштер бойынша, әрі міндетті түрде ветеринар дәрігердің қорытындысымен ғана жүзеге асырылатын жануарды өлтіру ретінде қарастырылады.

Қаңғыбас жануарлар санын реттеу тәртібі де жергілікті әкімдіктердің құзыретіне берілді.

ҚЫЗУ ТАЛҚЫЛАНҒАН ТҮЗЕТУЛЕР

Депутат Еділ Жаңбыршин ұсынған бұл түзетулер қоғамда қызу талқылау тудырды. Негізгі пікірталас эвтаназия мәселесіне қатысты болды. Жануарларды қорғаушылар жаппай жансыздандыруды қайта енгізуге қарсы шығып, аулау, стерилизация және вакцинация жасап, қайта жіберу жүйесін сақтап қалуды талап етті.

Ал кейбір депутаттар мен белсенділер қаңғыбас иттердің адамдарға шабуылынан кейін шараларды қатаңдату қажет екенін айтты.

Нәтижесінде билік қолданыстағы қайтарымсыз аулау моделін сақтап қалды. Дегенмен эвтаназия тек медициналық негізде және ветеринар дәрігердің қорытындысынан кейін ғана рұқсат етілетіні бөлек түрде заңда бекітілді.

Серіктес жаңалықтары