Жетісу облысындағы Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында қоңыр аю қонақүй үйшігінің темір есігін бұзып кірмек болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оқиға Аттапқан шатқалында болған. Әлеуметтік желіде тараған видеода жыртқыштың темір есікті майыстырып тастағаны көрінеді.

Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген.
Ұлттық парк өкілдерінің мәліметінше, Тянь-Шань қоңыр аюы адамға сирек шабуыл жасайды. Алдын ала болжам бойынша, аң иіске келген тамақтың иісіне қызығып жеткен.
Парк әкімшілігі демалушыларға азық-түлік қалдықтарын тастамауға және таулы аймақта қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.