×
471.93
548.43
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
471.93
548.43
6.61

Алматы облысында Ан-2 ұшағы апатты жағдайда қонды

Бүгін, 10:14
Алматы облысында Ан-2 ұшағы апатты жағдайда қонды
Скриншот

Алматы облысында Ан-2 ұшағы апатты жағдайда талдардың арасына қонды, деп хабарлайды Ulysmedia.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әлеуметтік желіде тараған видеоға қарағанда, оқиға Алматы облысындағы Талдыбұлақ ауылы маңында апатты жағдайда қонған. Ан-2 ұшағымен болған жағдайды Көлік министрлігі де растады.

Ведомство мәліметінше, оқиға адам шығыны жоқ авиациялық оқиға ретінде тіркелген. Қазір мамандар нақты не болғанын және ұшақтың не себепті мұндай жағдайға тап болғанын анықтап жатыр. Тергеу жүргізу үшін оқиға орнына көлік оқиғаларын тергеу департаментінің қызметкері жіберілген.

– Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №505 бұйрығымен бекітілген авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес, UP-A0091 тіркеу нөмірлі Ан-2 әуе кемесімен болған оқиға адам шығыны жоқ авиациялық апат ретінде жіктелді және ол ҚР Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментімен тексеріледі. Қазіргі уақытта нақты мән-жайды анықтау мақсатында оқиға орнына департамент қызметкері жіберілді, – деп хабарлады ведомство. 

Ан-2 ұшағы ең алғаш 1947 жылы әуеге көтерілген. Оны советтік авиаконструктор Олег Антонов құрастырған. Ұшақ ресми түрде 1949 жылдан бастап шығарыла бастаған. Бірақ қазір ұшақ шығарылмайды. Ресейде тек ұшақты қайта жаңғырту жобалары болған.

Серіктес жаңалықтары