×
471.93
548.43
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
471.93
548.43
6.61

Қазақстаннан Өзбекстанға көш көбейді

Бүгін, 12:28
Қазақстаннан Өзбекстанға көш көбейді
daryo.uz

Өзбекстанға қоныс аударушылар арасында ресейліктер мен қазақстандықтар көш бастап тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЕКІНШІ ОРЫНДА

Өзбекстан Ұлттық статистика комитетінің деректеріне сілтеме жасаған жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, қаңтар-наурыз айлары аралығында елге тұрақты тұру үшін 721 шетел азаматы келген. Жаңа қоныстанушылардың басым бөлігі Ресейден көшіп барған — бұл жалпы көрсеткіштің 34,1 пайызы. Екінші орында 19,7 пайызбен Қазақстан азаматтары тұр.

Тізім әрі қарай былай жалғасады:
• Тәжікстан — 12,2%;
• Қырғызстан — 4,9%;
• Түрікменстан — 3,7%;
• басқа елдер — 25,4%.

Қоныс аударушылардың көбі Ташкентті таңдаған. Өзбекстан астанасына 454 адам көшіп барса, тағы 126 адам Ташкент облысына қоныстанған.

КОНТЕКСТ

Айта кетейік, Қазақстанға көшіп келушілер саны бойынша көш бастап тұрған ел – Өзбекстан. Ол жақтан Қазақстанға 2275 адам келген. Дегенмен бұл бағыттағы көші-қон ағыны 13 пайызға азайған.

Есесіне, жыл басынан бері Қытайдан Қазақстанға тұрақты тұруға қоныс аударушылар саны айтарлықтай көбейген. Қаңтар–наурыз айлары аралығында елге ҚХР-дың 1260 азаматы қоныс аударған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен үш есе көп. Осылайша Қытай Қазақстанға көшіп келушілер саны бойынша үшінші орынға шыққан. Оның үстіне екінші орында тұрған Ресеймен арадағы айырма өте аз. Ресейден алғашқы тоқсанда 1265 адам қоныс аударған. Бұл Қытай көрсеткішінен небәрі бес адамға ғана көп.

Серіктес жаңалықтары