×
471.93
548.43
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
471.93
548.43
6.61

Путин мен Сидің кездесуі: Ресей мен Қытай «Сібір күші» бойынша келісімге келді ме?

Бүгін, 13:06
Путин мен Сидің кездесуі: Ресей мен Қытай «Сібір күші» бойынша келісімге келді ме?
Фото: Sputnik / Кристина Соловьёва

Ресей президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен Бейжіңге барып, Қытай басшысы Син Цзиньпинмен кездесті. Бұл сапар Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін саяси және экономикалық изоляцияға тап болған тұста болып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.

ТОЛЫҒЫРАҚ

20 мамырда Бейжіңде Си Цзиньпин Владимир Путинді қабылдап, осы уақытқа дейін екі елдің өзара саяси сенім мен стратегиялық ынтымақтастықты тереңдеткенін айтты.

Өз кезегінде Владимир Путин екіжақты қатынастар жаһандық тұрақтылыққа ықпал ететінін мәлімдеп, Ресейдің энергетикалық ресурстар тасымалдаушы ретіндегі рөлін атап өтті. Сонымен қатар ол Си Цзиньпинді 2027 жылы Ресейге шақырды.

Ресей-Қытай саммиті Дональд Трамптің Бейжіңге сапарынан көп ұзамай өтіп отыр. Қазір Украинадағы соғысқа байланысты Батыс санкцияларына ұшыраған Ресей үшін Қытай ең маңызды экономикалық серіктестердің бірі болып саналады. Былтыр Ресей Қытайға 101 млн тонна мұнай, 49 млрд текше метр газ жеткізген.

Саммитте Владимир Путин Таяу Шығыстағы дағдарысқа қарамастан, Ресей энергетикалық ресурстарды сенімді түрде жеткізуді жалғастырып отырғанын, ал Қытай сенімді сатып алушы болып қала беретінін айтты.

САУДА ЖӘНЕ ГАЗ ҚҰБЫРЫ

Ресей энергетикалық серіктестікті одан әрі кеңейткісі келеді. Соның ішінде «Сібір күші-2» газ құбырын салудыкөздейді. Бұл құбыр Ресейді Моңғолия арқылы Қытаймен байланыстыруы тиіс.

Қытайға сапары қарсаңында Владимир Путин газ бағасын кейінгі алты жолда болмаған деңгейге арзандатқан. Ресейдің экономикалық даму министрлігінің 2029 жылға дейінгі макроэкономикалық болжамына сәйкес, 2027 жылы «Сібір күші» газ құбыры арқылы Қытайға газ тасымалданатын газ бағасы 1000 текше метріне 223,9 доллар болады. Бұл — 2021 жылдан бергі ең төмен баға. Ол кезде Қытай ресейлік газды 145 доллардан сатып алған.

Reuters мәліметінше, Ресей экономикалық даму министрлігінің алдыңғы болжамымен салыстырғанда, Қытайға тасымалданатын газ бағасы шамамен 7 пайызға төмендеген.

Bloomberg басылым «Газпром» компаниясына жақын дереккөзіне сілтеме жасап, Ресейдің Қытайға газ бағасы бойынша өте тиімді ұсыныс жасағанын хабарлады. Алайда Қытай тарапы «Сібір күші-2» газ құбырын салуға аса қатты ынта білдірмеген.

Bloomberg мәліметінше, оның ілгерілеуі толығымен Си Цзиньпиннің ұстанымына байланысты. Әзірге Ресейдің бұл келісімге оңай қол жеткізетініне айқын белгілер жоқ.

Financial Times газетінің жазуынша, Қытай мен Ресейдің келісімге келуі екіталай. Себебі Бейжің газды Ресейің ішкі нарығындағы бағамен алғысы келеді. Ол Қытай қазір сатып алып отырған бағадан бес есе арзан болмақ. Қазір газдың 1000 текше метрі 258 доллар.

Саммитте Си Цзиньпин Таяу Шығыстағы қақтығысты тез арада тоқтату қажет екенін айтты. Оның сөзінше, бұл энергоресурстарды тасымалдаудағы кедергілер мен логистика мәселесін шешуге жол ашады.

Сондай-ақ Ресеймен тату көрші, достық және ынтымақтастық туралы келісімді ұзартуды қолдайтынын және Мәскеумен стратегиялық әріптестікті тереңдетуге ниетті екенін мәлімдеді.

Тараптар 20 келісім құжатына қол қойған. Бірақ оның ішінде «Сібір күші-2» газ құбыры мен газ бағасына байланысты келісім бар ма, жоқ па белгісіз. Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков “энергетика бойынша маңызды келісімге келгендерін” айтты. 

Серіктес жаңалықтары