×
471.93
548.43
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
471.93
548.43
6.61

Ресей мен Қытай тағы да келісімге келе алмады

Бүгін, 18:02
Ресей мен Қытай тағы да келісімге келе алмады
Фото: РИА Новости

Ресей мен Қытай «Сібір күші-2» газ құбырын салуға байланысты келісімге келе алмады, деп хабарлайды Ulysmedia.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Президент Владимир Путин мен төраға Си Цзиньпиннің Бейжіңдегі кездесуібарысында Ресей мен Қытай жаңа «Сібір күші-2» газ құбырын салу жөніндегі миллиардтаған долларлық жоба бойынша келісімге келе алмады. Кремль бірқатар мәселелер әлі де қосымша келісуді қажет ететінін мойындады.

Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтің айтуынша, тараптар «негізгі параметрлер бойынша жалпы түсіністікке» қол жеткізген. Оның ішінде бағыт пен құрылыс тәртібі де бар. Алайда нақты мерзім әлі белгіленбеген және бірқатар мәселелер қосымша пысықтауды қажет етеді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Кремль сайтында жарияланған келісімдер тізімінде жоба мүлде айтылмаған.

Ресей «Сібір күші – 2» жобасын бірнеше жылдан бері ұсынып келеді. Әсіресе 2022 жылы Украинаға басып кіргеннен кейін, Ресейдің экономикалық тұрғыдан Қытайға тәуелділігі күшейген. Осыған байланысты Мәскеу үшін бұл жобаның маңыздылығы да артқан.

Жылына 50 млрд текше метр газ өткізуге арналған құбыр Батыс Сібірдегі Ямал түбегінен Моңғолия арқылы Қытайға дейін 2600 шақырымға созылуы тиіс. Мәскеу үшін бұл жобаның маңызы — газ бұрын Еуропаға экспортталған кен орындарынан жеткізіледі. Соғыс басталғаннан кейін Еуропаға экспорт күрт қысқарған.

Бірақ Қытай жобаға сақтықпен қарап отыр. Мәскеу Таяу Шығыстағы соғыс салдарынан туындаған энергетикалық тұрақсыздық Бейжіңнің ұстанымын өзгертеді деп үміттенген, алайда ол олай болмай шықты. Келіссөздер баяу жүріп жатыр.

Путин мен Сидің кездесуінен кейін, Ресей мен Қытай тарапы 40-қа жуық құжатқа қол қойды. Оның ішінде жан-жақты серіктестік пен стратегиялық өзара іс-қимылды одан әрі нығайту, сондай-ақ тату көршілік, достық және ынтымақтастық қатынастарын тереңдету туралы келісімдер бар.

Серіктес жаңалықтары