×
471.77
547.25
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
471.77
547.25
6.6

Сот журналист Ботагөз Омарованы үйқамақта ұстау мерзімін ұзартты

Бүгін, 09:30
Сот журналист Ботагөз Омарованы үйқамақта ұстау мерзімін ұзартты
Фото: Ашық дереккөзден

Сот журналист Ботагөз Омарованы үйқамақта ұстау мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Ulysmedia.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Elmedia басылымының мәліметінше, Астана қаласының тергеу соты журналист Ботагөз Омарованы үйқамақта ұстау мерзімін тағы бір айға созған. Бұл жөнінде басылымға журналистің адвокаты айтқан.

– 21 наурызда тергеу сотының шешімімен Ботагөз Омарованы екі айға үйқамаққа отырғызған. Ол мерзім ертең аяқталуға тиіс еді. Бірақ оны тағы бір ай, яғни 21 маусымға дейін үйқамақта қалдырғаны бүгін белгілі болды, – деген адвокат Толқын Әбілова басылымға.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін, Elmedia басылымы адвокат Әбілованың журналист Омарова кінәсі дәлелденбегеніне қарамастан, жәбірленуші тараппен мәмілеге келуге дайын екенін айтқанын жазған.

«Айтпа, Ботагоз» телеграм-арнасының авторы Ботагөз Омарова «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бабы бойынша күдікті ретінде тергеліп жатыр. Іс жеке адамның арызы негізінде қозғалған.

Серіктес жаңалықтары