×
471.77
547.25
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
471.77
547.25
6.6

Бітіру кештері, кортеж бен коттедж: түлектерге маңызды мәлімдеме жасалды

Бүгін, 12:07
Бітіру кештері, кортеж бен коттедж: түлектерге маңызды мәлімдеме жасалды
Ulysmedia.kz коллажы

Соңғы қоңырау қарсаңында Алматы қаласында полиция мектеп түлектерінің ата-аналары мен ұстаздарына үндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Күшейтілген режим

Полиция департаменті бұл күндері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылатынын атап өтті.

- Жыл сайын мерекелік іс-шаралардың бақылаудан шығып кететін жағдайларымен бетпе-бет келеміз. Әсіресе коттедждерді жалға алу, алкогольдік ішімдіктерді пайдалану, сондай-ақ автокөліктермен қауіпті серуендер ұйымдастыру және “кортеждер” үлкен алаңдаушылық туғызады. Жасөспірімдер әсерлі бейнеролик түсіреміз деп жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жағдайда, оның соңы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін, – делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істемекші.

– Дегенмен ата-аналар мен педагогтердің қолдауынсыз балалардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету мүмкін емес. Осыған байланысты ата-аналардан балаларды бақылаусыз қалдырмауды, олардың автокөлікпен жүруіне жол бермеуді және үнемі байланыста болуды сұраймыз, – деді тәртіп сақшылары.

Салтанатты кештерге тыйым 

Еске салайық, бұдан бұрын Оқу-ағарту министрлігі мектеп қабырғасынан тыс жерде салтанатты кештер өткізуге тыйым салған. Аттестаттарды табыстау рәсімі тек мектеп ғимараттарында ұйымдастырылуы тиіс деген қатаң талап қойылды.

Алайда ата-аналар жылдағы дәстүр бойынша мейрамханаларға тапсырыс беріп, балаларының бітіру кешін дүркіретіп өткізудің қамына кірісіп кеткен. Алматы, Астана және Шымкент қалаларындағы мейрамханалардың әкімшілерімен сөйлескен Ulysmedia.kz тілшісі бизнес өкілдері де, ата-аналар да шенеуніктердің тыйымына құлақ асуға құлықсыз екенін анықтаған еді.

Серіктес жаңалықтары