×
471.77
547.25
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
471.77
547.25
6.6

Мақпал Жүнісова «Барыс» орденімен марапатталды

Бүгін, 16:22
Мақпал Жүнісова «Барыс» орденімен марапатталды
фото: Ақорда

Мемлекет басшысы төл мәдениетіміздің өрісін кеңейтіп, халқымыздың рухани дүниетанымын байыту жолында жемісті еңбек етіп жүрген бір топ азаматты жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттады. Олардың қатарында белгілі әнші, Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова да бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Бүгін жезтаңдай әнші, халқымыз, әсіресе, әйелдер қауымы жақсы көретін өнер иесі, Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісоваға екінші дәрежелі «Барыс» орденін тапсырамын, – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, президент кәсіби мереке күні мәдениетіміздің дамуына зор еңбек сіңірген бірнеше өнер қайраткеріне «Қазақстанның халық әртісі» атағын тапсырды. Мемлекет басшысы  биыл елімізде 120 мәдениет және өнер қызметкері мемлекеттік марапатқа ие болатынын жеткізді. 

 Сонымен қатар бүгін мен ұлт өнеріне елеулі үлес қосып жүрген бірнеше азаматқа пәтер кілтін табыстаймын. 2024 жылдан бастап осы күнге дейін мәдениет және өнер қайраткерлеріне жалпы саны 200 пәтер берілді. Бұл игі үрдіс міндетті түрде өз жалғасын табады. Баршаңызға құтты болсын! Төл өнеріміз өркендей берсін! Ұлт мәдениетінің мәртебесі әрдайым биік болсын! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Серіктес жаңалықтары