×
471.45
547.21
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
471.45
547.21
6.63

Қазақстанда іздеуде болған ерлі-зайыптылар Тбилисиде ұсталды

Бүгін, 14:22
Қазақстанда іздеуде болған ерлі-зайыптылар Тбилисиде ұсталды
ашық дереккөзден

Грузия астанасында синтетикалық есірткі өндіруге қатысы бар деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық ерлі-зайыпты қолға түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ішкі істер министрлігі мәліметінше, Тбилисиде Қазақстан тарапының сұрауы бойынша «мефедрон» есірткісін өндіруді ұйымдастырды деген күдікке ілінген азамат ұсталған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, ол 2023 жылдың қазан айынан 2024 жылдың ақпанына дейін сыбайластарымен бірге Алматы облысындағы арнайы жабдықталған жасырын зертханада синтетикалық есірткі өндірген. Күдікті сол жерде химик қызметін атқарған делінеді.

Сондай-ақ оның жұбайы да Тбилисиде ұсталған. Ол да халықаралық іздеуде болған.

Тергеу мәліметінше, әйел адам Алматы және Қарағанды облыстарындағы синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты қаржылық операцияларды жүргізіп отырған.

Қазір ұсталғандарды Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қаралып жатыр.

Серіктес жаңалықтары