×
470.8
545.99
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
470.8
545.99
6.6

АҚШ-Иран келісімі: Ормуз бұғазы қашан ашылатыны айтылды

Бүгін, 08:17
АҚШ-Иран келісімі: Ормуз бұғазы қашан ашылатыны айтылды
фото: ашық дереккөзден

АҚШ шенеуніктері Иранмен арадағы рамалық келісім дайын екенін мәлімдеді. Алайда құжатты екі ел басшылығы қашан мақұлдайтыны белгісіз, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КЕЛІСІМНІҢ ЖАЙ-ЖАПСАРЫ

The New York Times басылымының жазуынша, алдын ала келісім Ормуз бұғазын кеме қатынасы үшін қайта ашуды және Тегеранның жоғары байытылған уран қорынан бас тартуын көздейді. Дегенмен бұл талаптарды жүзеге асыру тетігі әлі де талқыланып жатыр.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның ядролық бағдарламасын шектеу аясында байытылған уранға бақылауды Вашингтонның қолына беруді талап етіп отыр.

Әзірге Иран билігі ықтимал келісімнің мазмұнына қатысты ресми пікір білдірген жоқ.

Бұған дейін америкалық шенеуніктер АҚШ пен Иран арасындағы рамалық келісімнің 95 пайызы дайын екенін мәлімдеген. Ал ирандық Tasnim агенттігі «түпкілікті келісімге әлі қол жеткізілмегенін» хабарлады. Агенттік келіссөз барысынан хабардар дереккөзге сілтеме жасап, кейбір тармақтар бойынша келіспеушіліктер сақталып отырғанын жеткізді.

ОРМУЗ ҚАШАН АШЫЛАДЫ?

The Washington Post басылымының хабарлауынша, АҚШ-пен рамалық келісім жасалған жағдайда Иран Ормуз бұғазын дереу ашып, 30 күн ішінде соғысқа дейінгі кеме қатынасы деңгейін толық қалпына келтіруге міндеттеме алады.

Келісім шарттары өзара түсіністік туралы меморандуммен бекітіледі. Бұғаз ашылғаннан кейін АҚШ пен оның одақтастары барлық бағыттағы әскери әрекеттерді, соның ішінде Ливандағы операцияларды тоқтататынын жарияламақ.

Fox News мәліметінше, алдағы 30 күнде америкалық әскер Иран маңында қала береді. Бұл қадам уақытша келісім бұзылған жағдайда немесе ядролық мәміле жүзеге аспай қалса, әскери жауап нұсқасы әлі де күшінде екенін көрсету үшін жасалмақ.

Еске салайық, 19 мамырда Трамп Катар, Сауд Арабиясы және БАӘ-нің өтінішімен Иранға соққы беру жоспары екі-үш күнге тоқтатылғанын мәлімдеген болатын.

Серіктес жаңалықтары