×
470.8
545.99
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
470.8
545.99
6.6

Жарты ғасыр мызғымаған тәртіп: АҚШ грин-карта алу ережесін өзгертпек

Бүгін, 11:53
Жарты ғасыр мызғымаған тәртіп: АҚШ грин-карта алу ережесін өзгертпек
ашық дереккөзден

АҚШ билігі грин-карта рәсімдеу тәртібіне қатысты жаңа талап енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Associated Press мәліметінше, Дональд Трамп әкімшілігі жарты ғасырдан астам уақыт қолданылып келген тәжірибені өзгертпек. Енді АҚШ-та уақытша визамен жүрген шетел азаматтары тұрақты тұруға рұқсат алу үшін өз еліне қайтып, өтінішті сол жақтан тапсыруы тиіс.

Жаңа талап студенттерге, туристерге және уақытша жұмыс визасымен жүрген азаматтарға қатысты болады. Тек «ерекше жағдайлар» болған кезде ғана АҚШ аумағында қалып, құжат рәсімдеуге мүмкіндік беріледі. Мұндай шешімді USCIS қызметкерлері қабылдайды.

Бұған дейін АҚШ-та заңды түрде жүрген шетелдіктер грин-карта алу процесін ел ішінде аяқтай алатын. Бұл тәртіп 50 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келген. Ол АҚШ азаматтарының жұбайларына, студенттік және жұмыс визасының иелеріне, босқындар мен саяси баспана алған адамдарға да таралған еді.

USCIS жаңа шара заңның «бастапқы мақсатына» сай келетінін айтып, қазіргі жүйедегі «олқылықты» жабуға бағытталғанын мәлімдеді.

– Шетел азаматтары АҚШ-қа белгілі бір мақсатпен және уақытша келеді. Жүйе олардың мерзімі аяқталған соң елден кетуіне негізделген. Виза грин-карта алудың алғашқы қадамына айналмауы керек, – делінген ведомство хабарламасында.

Әзірге жаңа ереженің нақты қашан күшіне енетіні белгісіз. Сондай-ақ қаралып жатқан өтініштерге бұл талаптың әсер ете ме, жоқ па, ол да нақтыланбаған.

Иммиграциялық адвокаттар мен құқық қорғау ұйымдары бұл шешімді сынға алды. Олардың айтуынша, кейбір адамдар қауіпсіздік мәселесіне байланысты еліне қайта алмайды немесе өз мемлекетінде АҚШ елшілігі жоқ. Мысалы, Ауғанстандағы АҚШ елшілігі 2021 жылдан бері жабық.

Жаңа өзгерістер Трамп әкімшілігінің иммиграциялық саясатты күшейту бағытындағы кезекті қадамы ретінде бағаланып отыр.

Серіктес жаңалықтары