×
472.48
550.06
6.59
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
472.48
550.06
6.59

Ақтөбеде соңғы қоңырау күні мектеп қызметкері суға кетіп қаза болды

Бүгін, 13:46
Ақтөбеде соңғы қоңырау күні мектеп қызметкері суға кетіп қаза болды
ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында соңғы қоңырау күні мектеп қызметкері суға кетіп көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қайғылы оқиға 25 мамыр күні Қарғалы ауданына қарасты Жосалы ауылында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, 59 жастағы ер адам түскі үзіліс кезінде ауыл маңындағы Қуағаш өзеніне шомылуға барған. Ол рұқсат етілмеген жерде суға батып кеткен.

Куәгерлер ер адамды судан шығарып, алғашқы көмек көрсеткен. Кейін ол ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер аман алып қала алмаған.

– Зардап шегуші Бадамша ауруханасына жеткізілді. Жансақтау бөлімінде барлық қажетті көмек көрсетілді. Алайда ер адамды құтқару мүмкін болмады, – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Ақтөбе облыстық білім басқармасы марқұмның мұғалім емес, мектеп қызметкері болғанын мәлімдеді. Сондай-ақ оның жанында оқушылар болмағаны айтылды.

Ал Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға арнайы жабдықталмаған әрі рұқсат етілмеген орындарда суға түсу қауіпті екенін ескертті.

Серіктес жаңалықтары