×
472.48
550.06
6.59
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
472.48
550.06
6.59

Қазақстандықтар Ресейге ақша аударуды күрт көбейтті

Бүгін, 15:48
Қазақстандықтар Ресейге ақша аударуды күрт көбейтті
фото: inbusiness.kz

Қазақстандықтар шетелге жіберетін қаражаттың басым бөлігі Ресейге бағытталады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Шетелге аударым азайған

Finprom.kz порталының мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы тоқсанында қазақстандықтар шетелге жалпы көлемі 129,5 млрд теңге аударған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7 пайызға аз.

Шетелден Қазақстанға келетін ақша көлемі де қысқарған. Үш ай ішінде елге 46,8 млрд теңге түскен, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 3,2 пайызға төмен.

Сарапшылардың айтуынша, халықаралық ақша аударымдары нарығы соңғы жылдары ең жоғары деңгейден айтарлықтай төмендеген. Мәселен, 2021 жылдың басында шетелге жіберілген қаражат көлемі 191 млрд теңгеден асқан еді. Қазір бұл көрсеткіш 2020 жылдан бергі ең төменгі деңгейге дейін түскен.

Елге келетін ақша аударымдары бойынша жағдай одан да айқын байқалады. Қазіргі көлем 2019 жылғы ең жоғары көрсеткіштен шамамен екі есе аз және соңғы он жылдағы ең төмен деңгейге жақындаған.

Ресей – басты бағыт

Қазақстаннан жіберілетін халықаралық ақша аударымдарының ең ірі бағыты әлі де Ресей болып отыр.

Биылғы алғашқы үш айда Ресейге 58,5 млрд теңге аударылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 21,1 пайызға көп. Нәтижесінде барлық халықаралық аударымдардың жартысына жуығы Ресейдің үлесіне тиген.

Ал Түркия мен Өзбекстанға жіберілетін қаражат көлемі едәуір азайған.

Ең жоғары өсім көрсеткен елдердің бірі – Армения. Дегенмен бұл бағыттағы аударымдардың жалпы көлемі әзірге салыстырмалы түрде шағын болып қала береді.

«Золотая Корона» көш бастап тұр

Ақша аудару жүйелері арасында бұрынғыдай «Золотая Корона» көш бастап келеді. Барлық халықаралық шығыс операцияларының 80 пайыздан астамы осы жүйе арқылы жүзеге асқан.

Үш ай ішінде аталған жүйе арқылы 105,7 млрд теңге аударылған. Нарықтағы жалпы төмендеуге қарамастан, бұл жүйе өз көрсеткіштерін арттыра алған.

Ал Western Union, MoneyGram және UPT жүйелерінің көрсеткіштері төмендеген. Әсіресе UPT арқылы жасалған аударымдар көлемі екі еседен астам қысқарған.

Қызмет құнының өсуі баяулады

Сарапшылар ақша аудару қызметтерінің тарифтері де бұрынғыдай қарқынмен қымбаттамай жатқанын атап өтеді.

2024–2025 жылдары комиссиялар айтарлықтай өскен болса, қазір баға өсімі баяулаған. 2026 жылдың сәуірінде ақша аудару қызметтерінің құны бір жылмен салыстырғанда небәрі 0,6 пайызға ғана көтерілген.

Серіктес жаңалықтары