×
472.48
550.06
6.59
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
472.48
550.06
6.59

92 мың доллар пара: Ақтөбеде басқарма басшысы мен тергеуші сотталды

Бүгін, 18:19
92 мың доллар пара: Ақтөбеде басқарма басшысы мен тергеуші сотталды
Ulysmedia.kz коллажы

Ақтөбеде экономикалық тергеп-тексеру департаментінің екі қызметкеріне үкім шықты. Жедел басқарма басшысының орынбасары Дәулет Сарин парақорлыққа делдал болғаны үшін 2 жылға бас бостандығынан айрылды. Аға тергеуші Ермек Махамбетов пара алу айыбымен 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкім

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты резонансты іске нүкте қойды. Сот залы сотталушылардың туыстарына лық толды. 

Департаментте лауазымды қызмет атқарған 44 жастағы Сарин ҚК-тің 368-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп 2 жылға бас бостандығынан айрылды. 45 жастағы аға тергеуші Махамбетовке ҚК 366-бабы 4-бөлігімен тағылған айып сотпен дәлелденіп, 10 жылға сотталды. 

“Махамбетовтен 2 млн тг моральдық залал, заңгер шығыны 778 500 тг өндірілсін”, - деді судья.

Сотталушыларға жергілікті атқарушы орган, құқық қорғау саласында жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айыру үкімі шықты.

Сот 1600 долларды жәбірленушіге қайтаруды және 90 100 жасанды долларды сот үкімі заңды күшіне енгенде жоюды міндеттеді. Делдал болу бабымен айыпталған Сариннен моральдық шығын өндірілмеді.

92 мың доллар пара

Прокурор жәбірленушінің Саринге тиесілі Тойота көлігіне отырып, сол жерде 92 100 долларды бергенін, тінту кезінде ақшаның тәркіленгенін айтты.

2025 жылы “Ел қуаты” тұтышуны кооперативінің өкілі  тергеуге шақырылады. Қазір ол басқа іс бойынша қамауда отыр. Оны тергеушілердің сотына кісенмен әкелді. Жәбірленуші тергеушілермен олардың туыстары арқылы байланысқа шыққан. 

Ақтөбе экономикалық тергеу департаменті екінші жедел басқармасы бастығының орынбасары Дәулет Сарин тағылған айыпты мойындап, өкініш білдірді. Махаметов өзіне тағылған айыппен келіскен жоқ.

Қорғаушылар апелляциялық шағым беру мәселесі ақылдасып шешілетінін айтты.

Автор: Ардақ Ерубаева

Серіктес жаңалықтары