Астанада жүк көлігі 6 жасар баланы қағып кетті. Салдарынан бала оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жол-көлік оқиғасы Тәуелсіздік даңғылының бойында, Пушкин көшесіне бұрылыста болды. Велосипед мінген бала жүк көлігінің астына түсіп қалды. Елордалық полиция департаменті хабарлағандай, бала оқиға орнында көз жұмды.
Қайғылы оқиға туралы ақпарат мектеп чатында тарады. Қаза тапқан бала елордалық №27 мектептің 5-сынып оқушысы екені хабарланды. Ол бетон араластырғыш көліктің астына түскен.
Полиция баланың қаза тапқаны туралы ақпаратты растады.
"26 мамырда Mercedes маркалы жүк автокөлігінің жүргізушісі Тәуелсіздік даңғылымен келе жатып, Пушкин көшесіне оңға бұрылу кезінде жолдың жүру бөлігін кесіп өтіп бара жатқан велосипедшіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған бала алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды", – делінген ресми хабарламада.
Полиция қылмыстық іс қозғады. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерге жылдамдық режимін қатаң сақтау, жаяу жүргіншілер өткелдерінде, сондай-ақ тұрғын үй аймақтарына, мектептер мен аула аумақтарына жақын жерлерде барынша мұқият болу қажеттігін ескертеді.