×
485.55
563.38
6.81
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
485.55
563.38
6.81

Жұманғарин Қазақстанда ресейлік мектептердің қашан салынатынын айтты

Бүгін, 12:58
Жұманғарин Қазақстанда ресейлік мектептердің қашан салынатынын айтты
ашық дереккөзден

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстанда салынуы жоспарланған ресейлік мектептер туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жұманғариннің айтуынша, бұған дейін Ресей тарапы Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында үш мектеп салуды ұсынған.

«Біз де өз кезегімізде Орынбор облысында, Омбы мен Астраханда мектеп салу бастамасын көтердік. Орынбор бойынша жер телімі келісілген. Астрахань мен Омбы бойынша келіссөз жүріп жатыр. Барлығы дайын болған кезде құжаттарға бір мезетте қол қойылады», – деді ол.

Министрдің сөзінше, бұл мектептер аралас форматта болады. Яғни оқу процесі қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

«Барлық мектепте қазақ және орыс тілдері оқытылады. Біздегі мектептерде де солай болады», – деді Жұманғарин.

Ол келісімге қол қойылғаннан кейін құрылыс жұмыстары ұзаққа созылмайтынын айтты.

«Келісім жасалған соң мектептерді бір жыл, ары кетсе бір жарым жыл ішінде салып бітіреміз», – деді вице-премьер.

Еске салайық,  күні кеше Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин онлайн-форматта «Қазақстан – Сириус» халықаралық білім беру инфрақұрылымының капсуласын салу рәсіміне қатысты. Кешеннің іргетасына рәміздік капсуланы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ен, «Сириус» федералдық аумақ кеңесінің төрағасы, «Талант и успех» қорының жетекшісі Елена Шмелёвамен бірге салды.

«Қазақстан – Сириус» жобасы мемлекеттер басшыларының уағдаластығына сай іске асырылып жатыр. «Сириус» моделі бойынша еліміздің екі қаласында білім беру ошағы құрылады. Астанамен қатар биыл қаңтар айында Алматы қаласында да мектеп пен орталықтың іргетасы қаланды.

Серіктес жаңалықтары