×
485.55
563.38
6.81
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
485.55
563.38
6.81

Ангелина Лукас Тоқаевтан араша сұрады: «Қазақстан туын көтеріп жүріп, неге қысым көруім керек?»

Бүгін, 13:31
Ангелина Лукас Тоқаевтан араша сұрады: «Қазақстан туын көтеріп жүріп, неге қысым көруім керек?»
Фото: gov.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, әлем чемпионы Ангелина Лукас мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдап, спорт саласындағы қысым, әділетсіздік және ақпараттық  туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Боксшы үндеуінде бірнеше жылдан бері ұлттық құрамада да, кәсіпқой спортта да түрлі кедергілерге тап болғанын айтты. Оның сөзінше, мәселе тек өзіне ғана қатысты емес, көптеген қазақстандық спортшылар осындай жағдайға ұшыраған.

«Жалақыны әдейі азайтты»

Лукас 2021 жылы ұлттық құрамада жүрген кезінде өзіне қысым жасалғанын мәлімдеді.

«Көшбасшылардың бірі бола тұра, менің жалақым шамамен 50 мың теңге болды. Мұның бәрі мені құрамадан кетіру үшін жасалды», – дейді спортшы.

Оның айтуынша, сол кезеңде халықаралық турнирлерде медаль алып жүргеніне қарамастан, федерация тарапынан түрлі кедергілер болған.

“Боттарды” жаудырды

Спортшы Шайдоровтың жағдайын да еске салды.

«Жақында ғана Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың 5 ай бойы жалақы алмай жүргені туралы жаңалықты көрдім. Яғни, мұндай қысыммен, осындай жағдайлармен тек мен ғана емес, басқа да көптеген спортшылар бетпе-бет келеді. Жай ғана барлығы бұл туралы айта бермейді, көбісі қорқады. Мысалы, Михаил осы үндеуді жазғаннан кейін, оның сұхбатының скриншотын министрлік пен федерация қызметкерлері бір-біріне топтарға жіберіп, одан кейін түрлі боттар, пікірлер жаза бастады. Оны қаралап, «қанағатсыз» етіп көрсетуге тырысты. Бұл жағдаймен мен де бетпе-бет келгенмін»,- дейді ол.

Допинг дауы және «қысым»

Боксшы WADA жүйесі арқылы да қысым көргенін айтты. Лукас допинг бақылаушылары өзін жаттығу залынан «таппадық» деп көрсетіп, ескерту бергенін жеткізді.

 «Осылайша маған «допинг-тесттен бас тартты» деген ескерту берілді. Тағы екі ескерту болса, дисквалификация қаупі төнетін еді. Кейін бейнекамералар арқылы залда болғанымды дәлелдеуге тура келді», – деді ол.

Лукас айтуынша, жарты жыл бойы осындай қысым көріп, тіпті ортақ асханадан тамақ ішуге қорқатын жағдайға жеткен. Ақыры 2021 жылы ұлттық құрамадан кетіп, кәсіпқой боксқа ауысқан.

 «Жетістіктерімді жасырады»

Спортшы өзінің халықаралық жетістіктері Қазақстанда жеткілікті деңгейде көрсетілмейтінін де сынға алды.

Лукастың айтуынша, ол:

екі дүркін IBO чемпионы;

WBC рейтингінде көш бастаған;

21 күн ішінде үш елде жекпе-жек өткізіп, Гиннесс рекордын орнатқан.

Алайда оның сөзінше, бұл ақпараттар ел ішінде кең таралмайды.

«Лукас деген кім өзі? Оның Головкинде бар IBO белбеуі бар ма? WBC белбеуі бар ма?» деп жазғанын байқадым. Иә, менде екі дүркін IBO белбеуі бар! Мен оны Тайландта Аргентинадан келген әлем чемпионынан жеңіп алдым... Және Чилилік әлем чемпионына қарсы қорғадым. Бұл туралы адамдар білмейді, бірақ бұл титул Геннадий Головкиндікінен кем емес қой! Менің одан нем кем? Оның үстіне мен қызбын ғой»– деді Ангелина Лукас.

Министрлікке реніш

Боксшы спорт министрі Ербол Мырзабосыновпен былтыр кездескенін, бірақ содан бері ештеңе өзгермегенін айтты.

Сонымен қатар ол кәсіпқой спорттағы «қосарланған стандарттарға» назар аударды.

«Спорт министрі: «Кәсіпқой бокс мемлекеттен қаржыландырылмауы керек» дейді. Жақсы, онда неге Шавкат Рахмоновқа пәтер сыйлады? Бұл қызғаныш емес... Тек бұл ережелер барлығына ортақ болуы керек қой? Сіз (Президент) Шавкат Рахмоновқа пәтер сыйладыңыз... Егер кәсіпқой бокс қаржыландырылмайды десеңіздер, Жәнібек Әлімханұлын үнемі қолдайды. Ал мен ше? Мен Қазақстан тарихындағы ең көп титулды кәсіпқой боксшы бола тұра, неге мұндай жалақы ала алмаймын?» – деді ол.

Каирдегі жекпе-жек туралы

Лукас былтыр Каирде өткен WBC Gold титулы үшін жекпе-жек алдында Қазақстанда өзіне ұзақ уақыт виза берілмегенін де айтты.

Оның сөзінше, кейін кейбір адамдар қарсыласының жеңуі үшін әрекет жасауға тырысқан.

«Қазақстаннан кей адамдар қарсыласым жеңсін деп ақша ұсынғанын естідім. Мұндай жағдай жанға батады», – деді спортшы.

Президенттен не сұрады

Үндеу соңында Ангелина Лукас мемлекеттен қаржы емес, әділдік пен қолдау күтетінін айтты.

«Мен өз елімнің туын көтеріп жүріп, неге мұндай кедергілерге тап болуым керек? Қазір абсолютті әлем чемпионы атағы үшін маңызды жекпе-жекке бара жатырмын. Мемлекеттің қолдауын сезінгім келеді», – деді ол.

Ангелина Лукас кім?

Ангелина Лукас — Қазақстанның кәсіпқой бокстағы ең танымал спортшыларының бірі. Ол IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған. Халықаралық аренада бірнеше титул иеленіп, WBC рейтингінде жоғары орындарға көтерілген

Серіктес жаңалықтары